Алматыда өтті.
Басқосуға бірқатар мемлекеттік және жеке меншік жоғары оқу орындарының ғылыми істер жөніндегі проректорлар мен ғылым департаменттерінің директорлары қатысып, бүгінгі ғылымның функционалдығы, ғылыми зерттеулердің шынайы өмірде қолданылуы туралы талқылады. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – ғылымның қызмет етуінің тиімді және тұрақты жүйесін әзірлеу.
Бұл – «Galym Project» қорының ұйымдастыруымен, ғалымдар, ғылым саласындағы менеджерлер және бизнес өкілдері қатысатын дөңгелек үстелдер топтамасының бірінші басқосуы.