9 тамызда Сулейман Демирель атындағы университетте кезекті «Докторантураға түсу жолдары. Мүмкіндіктері және мансап перспективалары» атты семинар өтті. Оған енді Қазақстанның Білім – инновациялық лицейінің оқытушылары қатысты.
Семинар барысында PhD дәрежесін алудың маңыздылығы мен магистранттарға қабылдау процесінде көрсетілетін қолдауға баса назар аударылды. Мұндай семинарлар еліміздегі ғылым саласының дамуына ықпал етеді деген сенімдеміз. Зерттеушілер, ғалымдар мен педагогтар арасында білім мен тәжірибе алмасуға бірегей мүмкіндік беретін, ел ішіндегі академиялық байланысты нығайтуға үлес қосатын осындай жобаларға қолдау көрсетуге әрдайым дайынбыз.