Аружан Махмеджан Galym Project менторымен Stanfordқа түсті

Galym Project менторларымен ғылыми зерттеу жұмысын жазып, Стэнфорд университетіне түсуге болады.
Астана қаласындағы NURORDA мектебінің оқушысы Махмеджан Амира әлемнің ең үздік университетінен шақырту алды. Амирамен қысқаша сұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз.
– Қай қаладансыз? Сіз қай мектепте оқыдыңыз?
– Мен Алматыданмын, бірақ қазір Астанада тұрамын. Nurorda мектеп-лицейін бітірдім.
– Мектепте сізге қандай пәндер көбірек ұнады?
– Математика, физика сияқты нақты ғылымдарға бейім болдым. Олимпиада басталғаннан кейін информатикаға қызықтым. Мектепте пәндерді қазақ, ағылшын және орыс тілінде оқыдық. Жаратылыстану ағылшын тілінде, басқа пәндер орыс тілінде оқытылды. Мектеп кезінде AP (Advanced Placement) сабақтарын қоса оқыдым.
Зерттеу жұмысыңызды қалай таңдадыңыз? Galym Project қорының менторы, Мұхатов Азамат сіздің зерттеуіңізге қандай үлес қосты?
– Мен алғаш рет Америка Құрама Штаттарында жазғы бағдарлама аясында ғылыми-зерттеу жұмысыммен бардым. Сол жерде мені зерттеу процесі қызықтыратынын, зерттеу жұмысының американдық университеттерге түсу кезінде маңызды екенін түсіндім. Бағдарламадан кейін мен зерттеу жүргізудің жаңа мүмкіндіктерін іздей бастадым. Мектебімнің көмегімен Азамат Мұхатов мырзамен байланысқа шығып, бірге жұмыс істей бастадық. Азамат мырза маған бірнеше ай тәлімгер болды, зерттеу барысын түсіндіріп, техникалық әдістерді көрсетті, түрлі материалдармен бөлісті, жұмысымды тексерді. Жалпы, осы уақыт аралығында маған толықтай тәлімгерлік етті.
– Жұмысыңыздың өзектілігі қандай?
– Біздің жұмыстың тақырыбы – магниттік бөлшектерді бейнелеу (MPI) болды. Бұл адамға келтіретін зиян мөлшері, радиация қаупі сияқты көрсеткіштерді есептейді. Дегенмен, бұл әдіс әлі де сынақтан өтуде. Біздің жұмысымыз медициналық бейнелерді жасаудың әртүрлі әдістерін салыстыру және олардың артықшылықтарын анықтау болды. Осыдан кейін біз арнайы MPI және оның дамуын ілгерілететін параметрлерді зерттедік. Бұл мәселе өзекті болып табылады, өйткені MPI-ды толық әзірлеу және енгізу кезінде медицинада бейнелерді жасаудың басқа тиімді және қауіпсіз әдісі қолжетімді болады, бұл өз кезегінде көптеген жағдайда дәл диагнозды табуға көмектеседі.
– Болашаққа қандай жоспарларыңыз бар? Жоғары сынып оқушыларына қандай кеңес берер едіңіз?
– Жақын арада мен Стэнфорд университетінде оқуды бастап, өзіме ұнайтын қызмет саласын тауып, сол салада дамуды жоспарлап отырмын. Мен мектеп түлектеріне өмірдің осы кезеңінде мүмкіндігінше өздеріне инвестиция салуға кеңес берер едім. Мектеп бітіргеннен кейінгі уақытта өмірде өзгеріс көп болады, бұл бүгінгі білімге деген көзқарасымыз болашағымызға үлкен әсер етеді. Біз бәрі әлі алда екеніне сеніп, дамуымыз үшін қолымыздан келгенін жасауымыз керек деп есептеймін.
Galym Project қоры жастарымыздың өсуіне және ғылымға деген қызығушылықты арттыру жолында осындай жобаларды қолдауға дайын.

Leave a Comment