Galym Project қорының миссиясы ғылым мен үздіксіз дамуға деген құштарлықты ояту.
Ғылымға, инновацияға және жоғары құндылықтарға негізделген болашақты қалыптастыру үшін жұмыс атқаруды көздейміз. Сіздермен алдағы жылдардағы қызметіміз бен мақсаттарымызды бағыттайтын миссиямыздың негізгі аспектілерімен бөліскіміз келеді.
Ғылымның дамуы: Қазақстанда ғылыми зерттеулерді дамытуды қолдау.
Халықаралық дейгейдегі зерттеулер: Қазақстан зерттеулерінің жаһандық танылуына ықпал ету.
Пікірлес адамдар қауымдастығы: Білімге құштар қоғамды қалыптастыру.
Құндылықтар: Академиялық адалдық пен адами құндылықтар.
Тиімділік және сапа: зерттеулерді қаржыландырудың жоғары стандарттарын қамтамасыз ету және ішкі процестерді жетілдіру.