Galym Project қоғамдық қорының өкілдері ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы басшылығымен кездесіп, болашақтағы бірлескен жобалар мен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Келешекте тәжірибе алмасу бағдарламалары, зерттеу жұмыстары бойынша жоспарларды қамтитын екіжақты меморандумға қол қою жоспарлануда.