Осы аптада Алматы қаласында Galym Project қорының қолдауымен Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар жəне Əлем тілдері Университетінде студенттік пәндік олимпиада өтті.
Бұл зияткерлік сайыстың мақсаты – студенттердің ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту, білім беру жүйесіндегі жасанды интеллектің озық технологиялармен таныстыру, дəріс-əдістемелік материалдар мен практикалық жұмыстардың интерактивті кешенін əзірлеуде жаңа ақпараттық технологияларды орынды пайдалану жолдарын көрсету, әрі жастарды қазіргі заманның ғылыми мəселелерін шешуге жұмылдыру.
Олимпиада қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
контекстіндегі мамандықтар бойынша өткізілді.
Бас жүлде – Galym Project қорының Ғылыми менторлық бағдарламасы. Бұл ғылымға қызығатын жастардың зерттеу жұмысын бастауға, ғылыми жұмысты ілгерілетуге жол ашады.