2025 жылдың 20-24 қаңтарында Нархоз университетінде Galym Project қоғамдық қорының қолдауымен өткен Қысқы ғылыми мектеп өз жұмысын сәтті аяқтады. Бұл іс-шара студенттер, докторанттар және жас ғалымдар үшін ғылыми зерттеулер мен гранттық қаржыландыру саласындағы білімдерін тереңдетуге арналған тамаша мүмкіндік болды.
Іс-шара барысында қатысушылар:
Ғылымды қаржыландыру механизмдері мен гранттық өтінімдерді дайындау әдістерімен танысты.
Публикациялық стратегиялар мен ғылыми зерттеулердің этикалық мәселелерін қарастырды.
Мастер-класстар мен воркшоптарда ғылыми мақалалар мен жобаларға арналған өтінімдерді әзірлеу бойынша тәжірибе жинады.
Кәсіби сарапшылармен және жетекші ғалымдармен тәжірибе алмасып, өз білімдерін кеңейтті.
Іс-шара нәтижелері:
Қатысушылар 72 академиялық сағат көлемінде сертификаттар алды.
Көптеген пайдалы білімдер мен практикалық дағдыларды игеріп, өз ғылыми және кәсіби дамуларына жаңа серпін алды.
Барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға белсенді қатысқандары үшін алғысымызды білдіреміз!