2025 жылдың 15-17 қаңтар аралығында SDU университетінде PhD Power-Up: Research & Skills Bootcamp ғылыми мектебі өтті. Іс-шара докторанттарға зерттеу дағдыларын жетілдіруге, ғылыми жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуге және жаңа әдістерді меңгеруге мүмкіндік берді.
Үш күн ішінде қатысушылар:
- «Әдебиет шолуын жүргізу» және ғылыми дереккөздерді талдау тәсілдерін меңгерді.
- «Зерттеу әдістерін» жетілдіріп, оларды өз ғылыми жобаларында қолдануға үйренді.
- «Деректерді талдау» құралдары мен әдістерін меңгеріп, олардың тиімділігін арттыру жолдарын қарастырды.
Шеберлік сыныптары мен пікірталастар қатысушыларға өзара тәжірибе алмасуға, зерттеу жұмыстарына жаңа көзқараспен қарауға және сарапшылардан пайдалы кеңестер алуға мүмкіндік берді. Bootcamp соңында қатысушылар «72 академиялық сағат» көлеміндегі сертификатқа ие болды.
PhD Power-Up: Research & Skills Bootcamp зерттеу дағдыларын дамыту, ғылыми қауымдастықпен байланыс орнату және академиялық мансапты жетілдіру үшін маңызды алаң болды.
Барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз!