Бүгін SDU университеті және Galym Project қоғамдық қорының серіктестігімен өткен SDSN Kazakhstan-ның 3-ші конференциясында, тұрақты даму мақсаттарына қатысты өзекті мәселелерді талқылау болды.
Конференцияда білім беру, ғылым, аймақтардың дамуы, денсаулық сақтау және тұрақты басқару салаларына байланысты идеялар мен тәжірибелер ортаға салынды.
Galym Project қоғамдық қоры үшін бұл шара – ғылым мен тәжірибені ұштастырып, серіктестікті нығайтуға және мәселелерге нақты шешім жолдарын ұсынуға үлкен мүмкіндік болды.
Ұйымдастырушыларға сенім білдіріп, ынтымақтас болғаны үшін алғыс айтамыз!