Өткен айда «Galym Project қоғамдық» қоры ұйымдастыруымен «Жоғары оқу орындарындағы стратегиялық менеджмент» семинарлар сериясының бірінші сессиясы өтті.
Сессияға Қазақстанның бірқатар жоғарғы оқу орнының басшылары мен топ-менеджерлері қатысты. Кездесуге қатысқан КАЗГЮУ, Buketov university, Нархоз, Astana international university, Shokan school сияқты білім ордаларының басшылары жоғары оқу орындарының даму стратегиясы, бағыттары туралы ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті.
Жиынның спикері әрі модераторы – Сулейман Демирель атындағы университеттің ғылыми даму жөніндегі проректоры, қауымдастырылған профессор Қайрат Молдашев.