Отандық және шетелдік ғалымдардың өзара байланыс әрі ынтымақтастық құру мақсатында Қ.Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінің ғылым жөніндегі проректоры Құралай Нұрғалиева Вена қаласындағы Австрия ғылым және технология институтына (ISTA) іссапармен барды. Бұл серіктестік Galym Network жобасының аясында жүзеге асқан болатын.
Іссапар барысында екі ел ғалымдары арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, соның ішінде бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу мүмкіндіктері, біріккен басылымдар шығару, ғылыми конференцияларға қатысу, докторанттарға ғылыми жетекшілік ету және басқа да бірлескен қызмет бағыттары талқыланды.