Назарбаев Университетінің «American Chemical Society International Student Chapter» академиялық клубы шетелде докторантура мен магистратураға оқуға түскен жас ғалымдармен бірге ақпараттық сессия өткізді.
Отырыста университет түлектері клуб мүшелерімен (4-курс студенттері) шетелде докторантураға түсу, тағылымдамадан өту турасындағы тәжірибелерімен бөлісті.
Спикерлердің бірі Әмір Жолдасбеков ETH Zurich және Базель университетіне оқуға түсіп, DAAD, Erasmus және Shakhmardan Yessenov шәкіртақысына ие болған. Ол Friedrich-Alexander University, AIFC және KazAzot жазғы тағылымдамадан өткен, қазір Advanced Nanomaterials Laboratory-да жұмыс істейді. Әмір зерттеу нәтижелерін APMAS 2023 (Түркия) және ACS Spring 2024 (АҚШ) көрмелерінде таныстырып, RSC Advances журналына мақала дайындап жатыр.
«Химия» мамандығын бітірген Азамат Есенғазин Ohio State University (АҚШ) және Okinawa Institute of Science and Technology (Жапония) тағылымдамадан өткен, кейін KAUST және АҚШ-тың 7 университетіне оқуға түсуге жолдама алған. Азамат Yessenov Foundation, Mereke Foundation және Кonrad Foundation байқауларының жеңімпазы атанған. Ол 4 конференцияға қатысып, 2 ғылыми жұмыс жариялап үлгерген.