Galym Project Research Seminar series аясында 26 қаңтар күні SDU университетінде белгілі стартап-трекер, Nazarbayev University, Astana Business Campus бизнес акселераторының директоры Болат Сұлтанғазин
«How to make a high-tech Business out or Research?» тақырыбында семинар өткізді.
Семинарға ғылыми жобаларды жүргізуге, әрі оларды бизнес-жобаларға айналдыруға қызығушылығы бар университет студенттері мен оқытушылары қатысты.
Талқылау барысында әрбір қатысушы өз жобасына байланысты бизнес тарапынан сараптама жасап, нарық сұранысына сай икемдеуге қажетті білім мен құралдарды ала білді.
