Women in Sciences бастамасы iQanat мектебінде кездесу өткізді

Women in Sciences бастамасы iQanat мектебінде кездесу өткізді.

Galym Project қорының қолдауымен «Ғылымдағы әйелдер» бастамасы қыздар арасында ғылымды насихаттау мақсатында Бурабайдағы iQanat мектебінде кездесу өткізді.

Women in Sciences – Назарбаев Университетінің студенттері мен оқытушылары құрған STEM бағытында білім алып, зерттеу жұмысын жасап жүрген зерттеушілер клубы. Бастаманың бір бағыты – мектеп оқушыларымен кездесулер өткізіп, зерттеулер мен ғылымдағы мансап туралы жан-жақты ақпарат беру.

iQanat мектебіне іссапар кәсіптік бағдар беру бағытында өтті. Оқушыларға бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларында ғылыммен қалай айналысудың ерекшеліктері, зерттеу дағдыларының маңыздылығы туралы сөз болды.

«Galym Project фондына алғыс айтқым келеді, себебі солардың көмегінсіз біз осындай сапарға шыға алмас едік. Балалар да біздің тәжірибемізден бір нәрсе болса да үйреніп алды, біз де оларды көріп, ынта-жігеріміз көтерілді. Келешекте мектеп оқушыларымен көбірек кездесіп, оларға кішкене болса да болашақ жолын таңдауға көмектесуге тырысамыз»,- деп жоба қатысушысы Жамила Кулчукова қорытындылады.
Өз кезегімізде, Galym Project қоры ғылымға қызығушылықты арттыруға бағытталған идеялар мен бастамаларды қолдауды жалғастыратынын еске саламыз.

Leave a Comment