Эссе байқауы

th-4

ЭССЕ БАЙҚАУЫ

Студенттер, магистранттар, докторанттар және барлық саладағы ғалымдардың ғылыми-шығармашылық әлеуетін және азаматтық санасын дамыту, өз елінің тағдырына жанашырлық пен ғылымның болашағына жауапкершілік сезімін қалыптастыру мақсатында, «Galym Project» қоғамдық қоры:

«Қазақстандағы XXI ғасырдағы ғылым мен технологиялардың даму 

перспективалары мен басымдықтары»

тақырыбына эссе жазуға байқау жариялайды.

Жоба жүлдеқоры

1 орын

500 000 теңге

2 орын

300 000 теңге

3 орын

200 000 теңге

Мақсаттары:

  • Барлық пәндер мен салаларда зерттеу жүргізетін ғалымдар, докторанттар, магистранттар мен студенттердің ғылыми-шығармашылық әлеуетін және азаматтық ұстанымын дамыту.
  • Ғылым саласындағы қазіргі және болашақта туындайтын өткір проблемалар негізінде оларды шешу үшін дамудың басым бағыттарын ұсыну,
  • 21 ғасырдағы Қазақстанның ғылымы мен технологияларын дамытудың басымдықтарын біздің елімізде, Орталық Азияда және бүкіл әлемде өткен және қазіргі кездегі және қазіргі халықаралық даму негізінде талдау және пайымдау негізінде болжау.

Байқау шарттары:
Эсселер конкурс талаптарына және эссе жазу нормаларына сәйкес болуы тиіс. Қатысуға қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі жұмыстар қабылданады. Конкурсқа қатыса отырып, қатысушылар «Galym Project» ҚҚ-ға өздерінің конкурстық жұмыстары мен фотосуреттерін «Galym Project» ҚҚ сайттарында және әлеуметтік желілерде жариялауға рұқсат береді.

Байқаудың ұйымдастырылуы:

  • Конкурстық жұмыстарды тәуелсіз сараптама комиссиясы бағалайтын болады.
  • Байқаудың 3 жеңімпазы ақшалай сертификаттар мен дипломдар алады.
  • Үздік 10 эссенің авторлары конкурсқа қатысқаны туралы электрондық сертификат алады.

Байқау талаптары:

  • Байқауға 18 жастан жоғары ҚР азаматтары қатыса алады.
  • Жұмыс көлемі 1500 сөзден аспауы керек.
  • Жұмыстар қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде қабылданады.
  • Эссе жазу кезінде библиография дереккөздерін көрсету қажет.
  • Эссе тақырыбына сәйкестік.
  • Әр жұмыстың құрылымы және ойдың сауатты баяндалуы.
  • Әр қатысушы тек бір эссе жібере алады.
  • Эссенің бір ғана авторы болуы керек.
  • Байқауға қандай да көмек, соның ішінде жасанды интеллект қолданылып жазылған жұмыстар қабылданбайды.

* Эссе жазу кезінде байқауға қатысушының Қазақстандағы ғылым мен технологияның қазіргі және келешектегі дамуына қосқан жеке үлесін ескере отырып сипаттама беруіне болады. Еліміздегі ғылым мен технологияның дамуына бей-жай қарай алмайтындардың барлығын байқауға қатысуға шақырамыз.

Байқау нәтижесі galym.net сайтында жарияланады.

Жұмыстар 9.05.2023, 23:59 дейін қабылданады

күн
сағат
минут
секунд