GALYM PROJECT

Жастардың ғылымға қызығушылығын арттыру, ғылыми зерттеулерді қолдау мақсатында қоғамдық қор негізінде құрылған бірегей қазақстандық жоба.

Бұл – ғалымдар, ғылым саласы қызметкерлері мен кәсіпкерлер бірігіп жұмыс жасайтын ортақ платформа.

Жобаның негізгі мақсаты

Ғалымдар мен ғылымға қызығушылығы бар жастарға қолдау көрсету арқылы еліміздің ғылыми-зерттеушілік әлеуетін нығайтуға үлес қосу.

Play Video

Жобалар

Galym Project қоғамдық қоры еліміздің ғылым саласын дамытуға бағытталған бастамаларды қолдауға дайын.

Осы уақытқа дейін оқушылар мен студенттер арасындағы пәндік олимпиадалар, халықаралық зияткерлік сайыстарды, Women in Sciences сияқты 20-дан аса жобаларға қолдау көрсетілген болатын. 

Сіздің зерттеуші, ғалым, белсенді азамат ретінде ғылымға қатысты қандай да бір бастамаңыздға қолдау қажет болса, бізге өтінім жіберуіңізге болады.

Принциптеріміз

Миссиямыз

Қордың миссиясы – студенттер мен жаc ғалымдардың ғылыми әлеуетін арттыру, ғылыми ынтымақтастық үшін жағдай жасау және үздік тәжірибелерді қолдау арқылы қазақстандық және әлемдік ғылымның дамуына үлес қосу.

Миссиямыз

Қордың миссиясы – студенттер мен жаc ғалымдардың ғылыми әлеуетін арттыру, ғылыми ынтымақтастық үшін жағдай жасау және үздік тәжірибелерді қолдау арқылы қазақстандық және әлемдік ғылымның дамуына үлес қосу.

Мақсатымыз

Жастарды ғылымға баулу

Ғылым жолына түскен жастардың зерттеушілік әлеуетін нығайтатын, ұзақ мерзімде өнімді қайтарымы болатын істер мен жобаларға қолдау көрсету арқылы өзін өзі жан-жақты қамтамасыз ете алатын тұлғаларды қалыптастыруды мақсат тұтамыз.

Ғылыми зерттеуді қолдау

Сапалы ғылыми зерттеу жасай алу әлеуеті ғалымның ең үлкен күш қайнары.Осы қабілеттің қалыптасуы өте баяу әрі күрдел іболатындықтан көбінесе жас ғалымдар біршама қиындыққа тап болады. Осы кезеңді сәтті еңсеруге қол ұшын созу ұзақ мерзімді жеміс береді. Мақсаттарымыздың бірі осыған бағытталған.

Ғылыми кластерлерді құруға үлес қосу

Алдыңғы буын ғалымдар мен жеткіншек/жас ғалымдар арасында байланыс нығайып, кластерлердің қалыптасуы ғылымның дамуына қарқын беретін факторлардың алдында тұрады. Қорымыз осы бағытта жан-жақты қолдау көрсетуге ниетті.

Студенттер мен ғалымдардың ғылыми әлеуетін арттыру

Оқушылар мен студенттер арасында ғылыми конференциялар/форумдар өткізу және/немесе бар платформаларға қолдау көрсету.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сұхбат

Ғылыми зерттеулерді қолдау мақсатында қоғамдық қор негізінде құрылған бірегей Қазақстандық жоба.

Мекен-жайымыз

Сейфуллин даңғылы 609, 201-офис, Алматы, Қазақстан, 050013

Байланыс

+7 775 246 0889

info@galym.net

Байланыс